Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша

Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша ағымдағы жылы 24 желтоқсан күні қазақ драма театрында ұйымдастырылады.

Жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, даму мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар ішінен 180 бала қатысады.

Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың жалпы санынан 126-сы ауылдық жерлерден келетін балалар. Шыршаға қатысушылардың орналасу орны мен тамақтануы - «Айдана» қонақ үй кешенінде ұйымдастырылады.

Мерекелік шараға облыс әкімі Н.А.Ноғаев қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға сыйлықтар табыстайды.

Шыршаға қатысушыларды салтанатты шарадан басқа ойын-сауық бағдарламасы, соның ішінде «Айдана» мейрамханасында мерекелік түскі ас, би кеші, караокемен өлең айту байқауы, «Funky Town» орталығына бару және 3-Д форматында мультфильм көру күтеді.

Шараны өткізуге облыстық бюджеттен барлығы 13,9 млн. теңге бөлінді.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі