«Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы |
2015 жылдың 8-11 қараша күндері Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми - практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» пәнінен оқушылардың Республикалық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 11 облыс, Астана және Алматы қалалары қатысты. Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 9 сынып оқушысы Сарымбетова Марал және М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп - интернатының 9 сынып оқушысы Нагимова Гульнара - I орын, Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 ЖББОМ 8 сынып оқушысы Аймурзиева Аружан және Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ 8 сынып оқушысы Нұржанова Адема - II орын, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп - гимназиясының 7 сынып оқушысы Маратова Дильназ- III орын иеленді. Команда жетекшісі ДБАМ С.Сейфуллин атындағы №11 ОҚМИК «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Кадырова Нұргүл Мұратқызы «Бөбек» ҰҒПББСО-ның Алғыс хатымен марапатталды. |