Астана қаласында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренинг

2015 жылы 22-23 қазанда Батыс Қазақстан облысынан 9-10-сыныптың 25 оқушысы Астана қаласына барды. Мұнда барудағы мақсат – Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Кітапханасы ұйымдастырған «Әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысу еді. Семинардың негізгі идеясы мен мақсаты – ҚР-ның заманауи саясаттарының аса маңызды құрамдас бөлігі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын талқылау және жариялау болды.

Семинар Ұлт Көсемі – Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Кітапханасы базасында өтті. Кітапхана көлемі 28000 шаршы метр биіктіктен тұратын, заманауи сипатта безендірілген ғимаратта орналасқан. 2014 жылы британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған ерекше сәулет көрінісі қазіргі Қазақстанның болашаққа деген  ұмтылысы мен құлшынысын сипаттайды.

Кітапхананың негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің ұлттық және әлем тарихындағы алатын орны мен рөлін, қазақ мемлекетінің негізін құрудағы «Назарбаев өлшемдерін» түсіндіру және дәріптеу, Ұлт көсемінің  мемлекет болудың жолдарын көрсеткен ілімдерін сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу.

Семинар оқушыларға өздерін алып ақ кемеде жүзгендей әсер қалдырған Кітапхана ғимаратын таныстырудан басталды. Оқушылар Елбасына берген және  Қазақстанға келген әр түрлі елдің елшілерінің де берген құнды сыйлықтарын көріп тамашалады.Сондай-ақ үшінші қабаттағы әр түрлі мазмұндағы кітаптардың көптігі, сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаевтың да төл кітаптары оларды таңғалдырды. Осы екі күн ішінде оқушыларға Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» мәні мен маңызын ашатын алты маңызды дәріс оқылды. Мұнда Елбасының Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» жүзеге асырудың бес институциональдық реформасын атап көрсетті:
1. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру:
2. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
3. Индустрияландыру және экономикалық өсім;
4. Біртектілік пен бірлік;
5. Есеп беретін мемлекет қалыптастыру

Дәрісті интерактивті түрде заң ғылымдарының, философия және экономика ғылымдарының докторлары мен профессорлары оқыды. Оқушыларға интерактивті үстелдерде Елбасының 10 басты  идеяларына негізделген екі тәжірибелік сабақ оздырылды. Оқушылар іс жүзінде экономикалық өмірдің, саяси жаңғырулардың тарихын талдай алды.

Семинар барысында оқушыларға Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетіне бару және олардың басшыларымен кездесу, ҚР-ның Ұлттық мұражайына, ҚР-ның Бірінші Президентінің мұражайына,  Астана қаласының опера театрына бару ұйымдастырылды. Семинардың оқу және тренингтік бөлімі коучинг сабақпен аяқталды. Коучинг-сессияда Ұлт Жоспарының мазмұнын талқылай отырып, оқушылар өз білімдерін көрсетті, бір-бірімен идеялар алмасты және Қазақстанға жоғары білімді жастар, өмірге белсенді ұстанымдары бар, өнегелі ұрпақ керек деген ортақ пікірге келді.

Семинар мазмұны жоғары сынып оқушыларының  болашақ мамандығын, ғылым негіздерін дұрыс таңдауға көп көмегін тигізді. Семинар әрбір қатысушыға «Біздің Елбасы» кітабы мен салтанатты түрде тапсырылған сертификат, сыйлықтар берумен аяқталды. Оқушылар бұнымен ғана шектелмей,  басқа да қаланың қонақжай нысандарын аралап, тамашалай алды.

Сондай-ақ, семинарға Шығыс Қазақстан облысы аумағынан қатысқан 21 оқушымен біздің оқушылар жақсы қарым-қатынас орната білді, тренинг кезінде өздерінің оқу жетістіктерін, өз елдерінің қызықты әңгімелерімен, тарихи оқиғаларымен бөлісті.

Аманғалиева Ұлмекен, Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы:

Менің Астанаға сапарымнан өте көп әсер қалды, бұны жай сөзбен жеткізе де алмаспын. Ең алдымен бұл сапарда мен көптеген адамдармен таныстым, жаңа достар таптым. Астанаға барудағы ең басты мақсат - Президенттің «100 нақты қадам» бағдарламасымен танысу болатын. Бұл «100 нақты қадам» 5 институционалды реформаның құрамына кіреді. Бұл қадамдарды бізге атақты доценттер түсіндіріп, ақылымызға ақыл қосып, көп жаңа нәрселерді бойымызға құйды. Семинар маған өте қатты ұнады. Біздің облыспен қатар ШҚО-нан да келді. Біз бір-бірімізбен пікір алмасып, көптеген тақырыптарды қозғадық.

Семинармен қатар біз Астананың көптеген көрікті жерлерін тамашаладық. ҚР музейі, Президенттің алғашқы резиденциясы, Астана опера, Хан шатыр, Думанға т.б бардық.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі