«Жас ұрпақ тәрбиесі – баршаның ортақ ісі» тақырыбындағы облыстық қоғамдық тыңдау

2015 жылғы 3 қарашада Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» негізінде «Жас ұрпақ тәрбиесі – баршаның ортақ ісі» тақырыбындағы облыстық қоғамдық тыңдау өткізілді.

Шараға  ішкі істер, дін істері, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебінің» директоры, оқу орындарының басшылары, ата-аналар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қоғамдық тыңдау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2015 жылғы 20 шілдеде өткен кеңесте білім беру мекемелерінде ата-аналар қоғамдастығы алдында 1-ші тоқсан қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және оны тоқсан сайын өткізуді практикаға енгізу туралы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылуда.

Кездесудің мақсаты - бала тәрбиесі мен оқуына қатысты өзекті мәселелерді талдау, шешу жолдарын анықтау, іс-тәжірибе мен пікірлерді ортаға салу, білім саласындағы жұмыстар туралы хабардар ету.

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібіне тәрбиелеу мәселесі, жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жәйттардың алдын алуда құзырлы органдар, ата-аналар қоғамдастығы мен білім мекемелерінің өзара іс-әрекеті туралы мәселесі қойылды.

Жұмыс барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналары және ұстаздары ата-анамен жұмыс бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті (тренингтер, әлеуметтік жобалар), Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен Зеленов ауданы Достық мектебінің 8 сынып оқушысы Никита Тюкинді марапаттау сәті, Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының «Жерұйық- Мәңгілік ел» тақырыбындағы театрланған қойлымын тамашалау ұйымдастырылды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі