Республикалық «Мектепке жол»-2015 акциясының қорытындысы

Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында республика бойынша 8-шы жыл қатарынан 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Биылғы жылы акция  «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілді

Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету.
Акция шегінде балалардың білім алуға құқығын қамтамасыз ету,  олардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығының алдын алу мақсатында рейдтік, аула аралау іс-шараларыөткізілді, оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау мақсатында 8708 мұғалімдердің қатысуымен 53170 аула аралау шаралары және білім саласы қызметкерлері, ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің, балалардың құқықтарын қорғау органдарының, ата-аналар қоғамы, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2492 рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
8 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан акция жылдан жылға жақсы нәтиже беріп келеді. Акцияның 8 жылы ішінде 117647 бала 534,158 млн. теңгеге материалдық көмек алса, соның ішінде биылғы жылғы акция барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 19 512 балаларына 101,4 млн. теңгеге, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 11 157 балаға 51,9 млн. теңгеге қаржылай және материалдық көмек көрсетілді.
Былтырғы жылға қарағанда Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Қаратөбе,Теректі аудандарында және Орал қаласында материалдық көмек сомасы өсті.
Сонымен қатар, акция барысында өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек қолын созып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған демеушілер де аз болған жоқ, олар:
Ең комақты үлесті Ішкі істер департаментінің қызметкерлері қосты– үшінші жыл қатарынан облыстық ішкі істер департаменті бастамашылык танытып, республикалық «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысуда. Қалыптасқан дәстүр бойынша биылғы жылы да департамент қызметкерлері бес білім беру ұйымына біркүндік жалақысын аударды (6 млн теңге).
Бөрлі ауданы бойынша – КПО б.в. (Березов мектеп-балабақша кешенінің 24 оқушысына 255 мың теңгеге), «Аксайгазсервис» АҚ (13 оқушыға 232 мың теңгеге)
Казталов ауданы - С.Есетов атындағы мектебінің 1995 жылғы түлектері (15 оқушыға 200 мың теңгеге), «Жиенбай» ЖШС (2 оқушыға 20 мың теңгеге).
Ақжайық ауданы – БҚО «Саулет» қалалық құрылыс бөлімі (23 оқушыға 90 мың теңгеге), жеке кәсіпкер Б.Хисин (30 оқушыға 85 мың теңгеге), «Сахарный» мұнай қыздыру бекеті (10 оқушыға 60 мың теңгеге), аудандық ардагерлер ұйымы (10 оқушыға 50 мың теңгеге).
Зеленов ауданы - «Асфа» ЖШС (30 оқушыға 200 мың теңгеге), №117 ПМК (14 оқушыға 100 мың теңгеге).
Жәнібек ауданы - Жәнібек ауылы округі әкімі аппараты (15 оқушыға 35 мың теңгеге).
Жаңақала ауданы бойынша – «Шамұрат» (22 оқушыға) және «Даулеш» (21 оқушыға) ЖШС 200 мың теңгеге, жеке кәсіпкер Э.Сауменова (10 оқушыға), Ж.Базекешев (11 оқушыға) 100 мың теңгеге.
Қаратөбе ауданы - жеке кәсіпкер М.Айтбаева (5 оқушыға 30 мың теңгеге), «Сатыбалды» ЖҚ жетекшісі А.Әділов атындағы бастауыш мектебінің 12 оқушысына 80 мың теңгеге.
Шыңғырлау ауданы – Ақбұлақ ауылы округі әкімі аппараты  (2 оқушыға 39 мың теңгеге).
Тасқала ауданы – облыстық мәслихат депутаты А.С. Мергалиев (6 оқушыға 108 мың теңгеге).
Теректі ауданы – «Western MuniGas» ЖШС (67 оқушыға 406 мың теңгеге), «134» ЖШС (14 оқушыға 154 мың теңгеге).
Орал қаласы бойынша - «Нұржолинвест» (15 оқушыға 150 мың теңгеге), «Спецкомплект» ЖШС (11 оқушыға 65100 теңгеге), «Еуразиялық банкі» АҚ Орал қаласындағы филиалы (3 оқушыға 75 мың теңгеге), «Kaspi bank» АҚ Орал қаласындағы филиалы (2 оқушыға 50 мың теңгеге), облыстық жастар ресурстық орталығы (2 оқушыға 40 мың теңгеге), жеке кәсіпкер «Санатова» ЖҚ (2 оқушыға 40 мың теңгеге), жеке қәсіпкерлер М.Н.Рахымжанова (2 оқушыға 39695 теңгеге), «Конденсат-Келешек» АҚ (50 оқушыға 100 мың. теңгеге), қалалық маслихат депутаты В.П.Власов (21 оқушыға 200 мың. теңгеге) облыстық мәслихат депутаты А.С.Әйтимов 105 мың, қалалық мәслихат депутаты В.П.Михно 156 мың теңге, «Зенит»АҚ  20 оқушыға 225 мың теңге көмек қолдарын созды  және т.б.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі