«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі |
Облыстық білім бөлімінің мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2015 жылы 8 қазан күні ДБАМ С.Сейфуллин атындағы №11 ОҚМИК базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ЖББМ-терден 7-9 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Облыс көлеміндегі аудандардан және қала мектептерінен барлығы 58 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Олимпиада екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең –аймақтық олимпиада. Екінші кезең- республикалық олимпиада. Әр кезең бір турдан тұрды. Бірінші тур-эссе жазу. Тапсырманы орындауға 2 (екі) астрономиялық сағат берілді. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Аймақтық олимпиаданың I кезеңінің қазылар шешімі негізінде жеңімпаздар анықталды: Бас жүлде жеңімпаздары: I орын: II орын: III орын: Республикалық олимпиадаға 5 оқушыдан құралған команда мүшелері «Бөбек» ҰҒПББСО-на барады. |