76-қадам

ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

 

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі негізінде білім берудің жаңа бағдарламасы енгізілді.

Білім беру жүйесі жаңартылған білім беруді оқыту моделіне көшуіне байланысты, 2015-2016 оқу жылында бастауыш білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасын апробациядан өткізетін республика бойынша 30 мектеп белгіленіп, облыс бойынша Орал қаласының М. Ықсанов атындағы № 36 және Теректі ауданының Шаған жалпы орта білім беретін мектептері енгізілді.

2019-2020 оқу жылында 1-10  сыныптар көшіріліп, жалпы оқушылардың 95%-ы қамтылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.

2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 11224 педагог «Өрлеу» ҰБАО АҚ мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық шеберлік орталығының» Орал қаласындағы филиалында біліктілік арттыру курстарынан өтті.

"Batys Osy Vectory" білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары мектебінің жұмысында Орал қаласының физика-математика бағытындағы "НЗМ"ДББҰ филиалының педагогтарымен тұрақты ынтымақтастық жасалуда.

Орал қаласының физика-математика бағытындағы "НЗМ" ДББҰ филиалы мен дарынды балаларға арналған 4 мамандандырылған мектеп арасында "Бестік одақ" ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ осы меморандум аясында "Batys Innovation" жобасы бойынша облыстың 20 инновациялық мектептерімен тьюторлық жұмыс жүргізілуде.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі