Облыстық білім беру қызметкерлерінің 2015-2016 жылғы тамыз педагогикалық кеңесіндегі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы |
2015 жылдың 11 тамызында Орал қаласының №46 жалпы орта білім беретін мектебі базасында «Өзін-өзі тану»- рухани-адамгершілік білімді тұтас педагогикалық үрдісінде іске асыру мәселелері» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді. Секция отырысына аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері мен облыс мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қатысты. Практикалық бөлімде «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында жаңа форматта өз білімдерін жетілдірген педагогтар іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Өзін-өзі тану» сабақтарында аңыз-әңгімелер мен видеороликтерді қолданудың әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Соңында секция отырысына қатысушылар рухани-адамгершілік тәрбие бойынша «Өзін-өзі тану» сабақтарын жетілдіруде ой-пікірлерімен бөлісіп, шешу жолдарын қарастырды. |