«Жігер» әскери-патриоттық, далалық лагері

Білім басқармасы Батыс Қазақстан облысы Ауған ардагерлер қоғамы, облыстық прокуратура, әскери прокуратура, БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті,  Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен бірге 2015 жылдың 29 маусым - 8 шілде аралығында  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және  ішкі істер органдарында есепте тұрған колледж оқушыларына арналған әскери-патриоттық, далалық «ЖІГЕР» лагерін ұйымдастырды. Лагерь 1 ауысымда  өткізіліп 78 оқушыны  қамтыды.

Лагерь облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының базасында Шаған өзенінің сол жағалауында орналасқан «Самал» туристік лагері негізінде ұйымдастырылды.

Лагерьдің  мақсаты: Қазақстандық патриотизмді, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтардың белсенді өмір сүру жағдайын қалыптастыру, туристтік жорықтардағы қауіпсіздік шараларын сақтау, «Қайсар» әскери-патриоттық клубымен тәжірибе алмасу.

Лагердің бағдарламасында АӘД пәні, ҚР ҚК тарихы бойынша сабақтар өткізілді, әскери-патриоттық тақырыбында көркем бейнефильмдер қаралды, өлкетану және М.Маметова мұражайларына саяхаттар жүргізілді, әскери-спорттық шаралар: ату және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша сайыстар, «ішімдік, темекі тарту, нашақорлық қолданудың зияндары туралы» лекторийлер, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, әскери-интернационалистермен, Қарулы Күштер және әскери қызмет ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылды, сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, Астана қаласының күніне спорттық-туристік, әскери-патриоттық түрлі  іс – шаралар оздырылды.

Лагерьде демалушылар Шалқар көлінің жағалауында 1 күндік демалыс жорығын жасады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі