«Жайық жастары есірткіге қарсы» наркологиялық бекеттер арасында облыстық фестиваль

Ағымдағы жылдың 26-шы маусым күні «Дарын» қосымша білім беру орталығында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы және «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жайық жастары есірткіге қарсы» облыстық фестивалі оздырылды. Фестивальге 11 наркобекет топтары, барлығы 70 оқушы қамтылды.

Фестивальдің бағдарламасына сәйкес қатысушылар «Біз - болашақ ұрпақ есірткіге қарсымыз!» үгіт бригада байқауы, «Біздің жоба» әлеуметтік жобаны қорғау,  сырттай «Презентация» байқауы,  шығармашылық үй тапсырмасы және «Біз салауатты өмір салты үшін» үздік суреттер және плакаттар сырттай байқаулары бойынша сыңға түсті.

Фестиваль қорытындысында жалпы топтық есепте I орынға Ақжайық ауданы Тайпақ мектеп-гимназиясы, II орынға – Бөрлі ауданы Березов МБК және Орал қаласы №40 ОЖББМ иеленсе, III орынды Бөкейордасы ауданы М.С.Бабажанов атындағы ОЖББМ, Тасқала ауданы ЖОББ Амангелді мектеп-балабақшасы және Теректі ауданы Подстепный қазақ ОЖББМ оқушылары өзара бөлісті. Үздік аталымдар бойынша «Үздік үгіт топтары» болып Ақжайық ауданы Тайпақ мектеп-гимназиясы, «Үздік әлеуметтік жоба» – Орал қаласы №40 ОЖББМ, «Үздік презентация» - Тасқала ауданы ЖОББ Амангелді мектеп-балабақшасы, «Үздік суреттер және плакаттар» - Қаратөбе ауданы Жамбыл ОЖББМ және «Үздік эссе» - Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ОЖББМ атанды.

Жеңімпаздар білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі