«Техникалық және кәсіптік білім берудегі инклюзивті білім беру: мәселелер, изденіс, шешімдер» атты облыстық семинар

2015 жылдың 4 маусым күні «Орал ақпараттық технологиялар колледжі» МКҚК базасында «ТжКБ берудегі инклюзивті білім беру: мәселелер, ізденіс, шешімдер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар республиканың барлық өңірлеріне «online» режимінде таратылды.
Семинар жұмысына облыстық білім басқармасының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ облыс бойынша біліктілік арттыру институтының өкілдері, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен арнайы оқу мекемелерінің, Самара облысының Тольятти әлеуметтік-экономикалық колледжінің педагогикалық кадрлары, «Арба» қоғамдық бірлестігінің, Қазақ саңыраулар қоғамы мен облыстың Кәсіпкерлер палатасының,  өкілдері қатысты.

 

Семинардың өткізу мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оқытуда тәжірибе алмасу, кәсіптік оқу мекемелеріндегі инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту.

Пленарлық отырыста білім басқармасы басшысының орынбасары Н.М.Сабыров «Батыс Қазақстан облысындағы инклюзивті білім беру: жағдайы мен перспективалары» баяндамасында мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқытудың негізгі бағыттары мен қорытындылары туралы және осы мәселенің өзекті проблемалары туралы айтып өтті.

Орал ақпараттық технологиялар колледжі үш жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қабылдап, кәсіби оқытуда. Орал ақпараттық технологиялар колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Р. Ильясова мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіптік даярлаудағы колледждің іс-тәжірибесімен бөлісіп, басты назарды тірек – қозғалысы бұзылған бітіруші түлектердің машықтан өтуіне және еңбекке орналасуына аударды. Облыс бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттік автоматизациялау бойынша қызмет ету филиал директорының орынбасары Н.М. Қамашев баяндамасында осы өзекті мәселені жалғастырды.

Ақтөбе облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернат-колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Ж. Суликанова және Жайсаң көпсалалы колледжі директорының орынбасары Г.А. Карнаух есту қабілеттері бұзылған түлектерді еңбек нарығында кедергісіз жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту жайлы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен және мүгедектермен кәсіптік білім берудегі практиканы ұйымдастыру туралы Тольятти әлеуметтік-экономикалық колледжінің директоры Л.В. Васильеваның баяндамасына қатысушылар қызығушылық танытты. Ресей Федерациясында инклюзивті білім он жылдан бері даму үстінде, арнайы білімнің нормативтік - құқықтық негізінен қалыптасты. Самара облысы білім беру министрлігінің деңгейінде мүмкіндігі шектелген бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі жан-жақты қаралып, жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Арнайы оқыту әдістер мен тәсілдерді пайдалану бойынша оқытушарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсетуде арнайы түзеу ұйымдарымен, оңалту орталықтарымен, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен және логопедтік орталықтарымен тығыз байланыс орнатылғандығын сөз етті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ облыс филиалы бойынша біліктілік арттыру институттың мұғалімдерді кәсіби дамуының психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы  А.Ж. Бекенова өз сөзінде педгогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыруда ТжКБ ұйымдарымен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мен қайта даярлау арнайы курстарын ұйымдастыруға айрықша тоқталды.

Семинардың практикалық бөлімінде Орал ақпараттық технологиялар колледжінде «Техник-бағдарламашы» мамандығы бойынша оқитын есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған топ оқушыларымен өткізілген практикалық оқу сабағын колледж оқытушысы Т.Т.Ахментаева, сабақтан тыс шарасын О.В. Егорова шеберлік сынып арқылы семинар қатысушыларына көрсетті.

Одан соң семинарға қатысушылармен пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында біраз мәселелер талқыланды, ой бөлісіп, семинар жұмысы қорытындыланды.

Семинарға қатысушыларға көрме ұйымдастырылды, семинардың қорытындылары бойынша  ұсынбалар қабылданды. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанда және Петропавл облыстарының 11 білім беру ұйымы семинар жұмысына «online» режимінде қосылды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі