«Балалық шақ» жүрдек пойызымен саяхат
02.06.2015 11:09

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы және облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 1-ші маусым күні «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде «Нұрлы жол – біздің болашаққа барар жол» бүкілқазақстандық акциясы шеңберінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ» жүрдек пойызымен саяхат» атты мерекелік іс-шара оздырылды.

Аталған шараның мақсаты: балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қоғамның назарын аудару, балалардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету.

Мерекелік шараға облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаты, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп – интернаты, балалар үйі және балалар ауылының тәрбиеленушілері, барлығы 100 адам қатысқан болатын. Шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Мәкен және Орал қаласының әкімі А.Көлгінов қатысып, Б.Мәкен балаларды мерекелерімен құттықтады.

Шара барысында «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері флеш-моб ұйымдастырып, балалармен спорттық байқаулар мен музыкалық ойындар ойнатты. Сонымен қатар, асфальтта сурет салып, қолдан жасалған зымыран қондырғыларды ұшырды. Кіші хайуанаттар бағы мен балалар туризмі бағытындағы шаралар ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Шараны ұйымдастыруға «Айдана» мейрамхана-қонақ үйі кешенінің директоры Жүгінісова Маншүк Мұхамбетқызы, «Талап» АҚ президенті Дунаева Ольга Константиновна, «Баян Лимитед» ЖШС «Шағала» қонақ үйі Бизнесті дамыту директоры Терренс Дж. Пауэлл, жеке кәсіпкер Балабанов Владимир Иванович және «Скай» кафесінің директоры Бегалиев Арман Маратұлы демеушілік көмек көрсетті.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі