«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» сайысы

Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінде «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» І-ші облыстық сайысы оздырылды.

Іс-шараның мақсаты - халықтың үлкен мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту, оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Сайысқа барлық аудандардың және Орал қаласының оқушылары мен жеңгелері қатысты, жалпы 26 адам қатысты.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар «Татулықтың паш етеміз үлгісін», «Сырласайық жеңеше», «Білгенге маржан»  және «Өнерлі өрге жүзер» атты байқаулар бойынша сынға түсті.

Сайыс нәтижесінде, І орынды Бөкейорда ауданы Б.Жәнекешев атындағы ОЖББМ-нің оқушысы Пахманова Назгүл (жеңгесі Ашенова Индира) иеленсе, ІІ орынды - Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің оқушысы Капсикова Әсел (жеңгесі Амангельдиева Гүлжанат) және Сырым ауданы Талдыбұлақ ОЖББМ-нің оқушысы Ауганова Аида (жеңгесі Абугалиева Асыл) өзара бөлісті. ІІІ орынды – Жаңақала ауданы Жүнісов атындағы ОЖББМ-нің оқушысы Әміржанова Ақторғын (жеңгесі Жангалиева Гүлжан),  Жәнібек ауданы Х.Халиуллин атындағы ОЖББМ-нің оқушысы Мұхтарова Жанерке (жеңгесі Бисекова Ляззат) және Қаратөбе ауданы Қаракөл ОЖБББМ-нің оқушысы Балабаева Айнагүл (жеңгесі Жұбанова Балсұлу) иеленді.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі