Жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық олимпиада

2015 жылдың 13 – 18 наурыз аралығында Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытында республикалық кезеңі өтті.

Олимпиада 6 пән бойынша (математика, физика, химия, биология, информатика, география) өтті. Республиканың барлық өңірінен 700-ден астам оқушы мен топ жетекшілері қатысты.

Олимпиаданың жаратылыстану-математка бағытына облыстан 51 оқушы қатысты.

13 наурыз күні Мұз айдыны сарайында олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Б.Мәкен, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Кирабаева, ардагер ұстаздар және облыстық басқарма басшылары қатысты.

18 наурыз күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өткен жабылу салтанатына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиев, БҚО әкімінің орынбасары Б.Мәкен қатысты.

Республикалық олимпиада дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернат кешені мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетте өтті.

Еліміздің жетекші ЖОО-ларының білікті ғалымдарынан құралған, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Мұхтарбай Өтелбаев төрағалық еткен қазылар алқасының шешімі бойынша жүлдегер атанған оқушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Батыс Қазақстан облысынан облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушысы Бауыржан Сайынов химия пәнінен жеңімпаз атанса, 18 батысқазақстандық екінші және үшінші орындарды иеленді.

Облыс әкімі Н.Ноғаев белгілеген арнайы бес жүлде де табыс етілді. Атап айтқанда, павлодарлық Мұхамед-Әли Әмір олимпиаданың абсолютты чемпионы атанса, Алматы қаласы «Олимпиаданың ең үздік командасы», О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты - «Олимпиаданың үздік мектебі», Батыс Қазақстан облыстық қазақ-түрік лицейінің оқушысы Санжар Латипов - «Олимпиаданың ең жас қатысушысы», Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы мамандандырылған физика мектеп-интернатының мұғалімі Сатыбалды Пақымбеков, Павлодар облысындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Құлкен Қабылова «Олимпиада шыңына жетелеуші ұстаздар» аталымын еншіледі.

Республикалық олимпиаданың қоғамдық гуманитарлық бағыты ағымдағы жылдың 24-29 наурыз аралығында Атырау қаласында өтіп, облыс бойынша 32 оқушы қатысты.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі