Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пән оқытушылары арасында «Үздік оқытушы» атты облыстық байқауы туралы

Техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті маман даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашыл оқытушыларды, байқау барысында ең үздік әдістемелік идеяларды айқындау, үздік әдістемелік тәжірибелерді жинақтау, жалпы білім беретін пәндердің оқытушылары  арасында инновациялық және кәсіби маңызды іс-тәжірибелерді анықтау және шығармашылықпен жұмыстанатын оқытушыларға қолдау көрсету, оқытушының кәсіби деңгейін көтеруді ынталандыру мақсатында 2015  жылдың 30 қаңтарында Орал политехникалық  колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пән оқытушылары арасында «Үздік оқытушы» атты облыстық байқауы оздырылды.

Облыстық байқау 2 кезеңнен тұрды: 1 кезең: «Шығармашылық портфолио» байқаудың бұл кезеңі сырттай түрде өткізілді. 1 кезең бойынша 24 қатысушының портфолиосы келіп түсті. Сарапшылар отырысының ұсыны бойынша 2 кезеңге 15 қатысушы сынға түсті.

2 кезең «Ұстаз - ұлы есім» визиттік карточкасы, «Шеберлік – класс», Үй тапсырмасы: Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай тәрбие сағатынан үзінді.

Облыстық байқауға қатысушы мұғалімдер инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу бойынша өзгелерге шеберлік сыныбын және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына  орай тәрбие сағаттарын көрсете білді.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төмендегі инженер-педагогтары марапатталды:

1 орын – Семизова М.Д. (Бөкей орда колледжі);
2 орын –Муксинова А.Н. (Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі);
2 орын – Сатвалдиев Р.Р. (Орал гуманитарлық колледжі);
3 орын – Сұлтанов Ә.Т. (Орал «Сервис» технологиялық колледжі);
3 орын – Матыбаева Б.С. (Орал политехникалық  колледжі);
«Зерттеуші оқытушы» номинациясымен Рахманов Б.Ж. (Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі);
«Жаңашыл оқытушы» номинациясымен Утешова Ж.Ж. (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);
«Шығармашыл оқытушы» номинациясымен Балгереева А.М. (Тайпақ колледжі).

Мектепке дейінгі, жалпы орта,   
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі