«Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерін оқу-әдістемелік және теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 30 қаңтары күні Орал гуманитарлық колледжінің базасында жалпы орта білім беретін оқу орындарының аудандық (қалалық) алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерінің әдіскерлері мен мұғалімдеріне «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндерін оқу-әдістемелік және теориялық тұрғыдан қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға Орал гарнизонының әскери прокурорының көмекшісі әділет аға лейтенанты Б.Е.Иманбеков, М.Өтемісов атындағы БҚМУ п.ғ.к, профессор Б.Ө.Альмуханов қатысты, сондай-ақ ашық сабақтарға талдама жасап, жоғары баға берді және семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинарда маңызды мәселелер туралы баяндамалар тыңдалды. Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері оқытушыларының теориялық білім деңгейлеріне талдама жасалды.

Семинар барысында нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, жаңа үлгідегі қазақстандық әскери-патриоттық тәрбиені қолдау, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтар іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың қорытындысында ұсынбалар қабылданды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі