Өзін-өзі тану, адамгершілік-рухани даму және балалардың құқықтарын қорғау

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту

Оқушылардың тиімді тамақтануы жағымды білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі факторы болып табылады. 2017 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша облыстың 356 (94,7%) мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда 74 250 (77,3%) оқушы қамтылған. Соның ішінде тегін ыстық тамақпен 56490 (76,1%) оқушы қамтылды. 14720  (99,4%) аз қамтылған отбасы балалары және 42609 (98,3%) 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы мен буфеті жоқ 20 мектепте Мектеп сүті ұйымдастырылып, 214 оқушы тегін Мектеп сүтімен қамтылған  (Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала және Теректі аудандарында).

Оқумен қамту

Аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің 15.11.2017 ж. деректері бойынша 10 күннен астам сабаққа қатыспай жүрген балалар саны – 40, соның ішінде оқығысы келмейтін балалар – 3 және 6-і іздестірілуде, 13-і миграция, 18- мектеп Ережесін орындамау бойынша.

Сабақты 10 күннен астам себепсіз қалдырған оқушылардың 21-і Орал қаласының мектептерінен,13 -і Ақжайық, 3-і Зеленов, 2-і Сырым, 1-і Теректі аудандарының мектептерінен.

Оқушылардың күнделікті тасымалы

2017 жылдың 1 қазаннына облыс бойынша 88 тиісті мектептері жоқ елді-мекендерден 58 жалпы білім беретін мектептерге 4474 (100%) оқушы күнделікті тасымалданады (Ақжайық - 144 оқушы, Бөрлі – 99 оқушы, Зеленов – 702 оқушы, Казталов – 53 оқушы, Қаратөбе – 20 оқушы, Сырым – 82 оқушы, Тасқала – 79 оқушы, Теректі – 427 оқушы, Шыңғырлау – 10 оқушы, Орал қаласы – 2858 оқушы).

Күнделікті тасымалды 75 автотранспорт жүзеге асырады. Оның 15-і ғана әкімдікке және жеке шаруашылыққа тиесілі. Автотранспортқа қажеттілік 14 бірлікті құрайды.

Балалардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекет саясаты

Батыс Қазақстан облысында 2016 жылы қызмет ететін 384 жалпы білім беретін мектептерінде 276 (2015 жылы- 273) медициналық кабинеттер (236-ы орта мектептерде және 40-ы негізгі мектептерде) жұмыс істейді. Медициналық кабинеттердің 59-і қалалық және 217-і ауылдық мектептерде орналасқан.

Сонымен қатар, 31 мектеп базасында, соның ішінде 18 ауылдық жердегі мектепте стоматологиялық кабинеттер жұмыс жасайды.

Мектептегі медициналық кабинеттер денсаулық сақтау органдарының берген лицензиясының негізінде алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық көмек көрсетеді. Облыс бойынша 243 (88%) (2015 жылы 223 немесе 81,6%) медициналық кабинеттерде лицензиялары бар.

Бұл орайда, медициналық кабинеттердің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. 2016-2017 оқу жылында 276 медициналық кабинеттерден 91891 оқушыға қызмет көрсетілсе, қалған 2478 оқушыға медициналық қызмет ауылдық фельдшерлік пункттерден көрсетіледі.

Мектеп штатында оқушыларға 5 дәрігер және 358 медбике медициналық қызмет көрсетеді. Олардың 304-і (84,9%) біліктілігін арттыру курстарымен қамтылса, 277-сінде (77,4%) дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсетуге сертификаттары бар. Барлық медициналық қызметкерлердің денсаулық сақтау жүйесінде уақтылы біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар. Еңбек ақыларын төлеуде медициналық өтілдері ескеріледі.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі