Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Автомеханик» кәсібінің үздігі» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы туралы ақпарат

2014 жылдың 16 мамырында Орал ақпараттық технологиялар колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқушылары арасындағы «Автомеханик» кәсібінің үздігі» атты облыстық кәсіби шеберлік байқауы оздырылды. Байудың мақсаты - техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларының кәсіби даярлау сапасын арттыру, оқушылардың қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және қолдау, жастарды заманауи техникалық жетістіктерге, жабдықтар мен техниканы тиімді пайдалануға тарту, озық өндірістік тәжірибені қорыту, жастар арасында автокөлік ісі бойынша  білімді насихаттау.

Облыстық байқаудың бағдарламасы алты кезеңнен тұрды: «Таныстыру»; «Тестілеу» (арнайы пәндер бойынша  теориялық білімін тексеру); «Тосын жағдаят» (қатысушының жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу жөніндегі және кәсіптік тапсырмаларды шешіп, өз бетінше шешім қабылдай білуіне, мүмкіндік беретін психологиялық жағдаят);  «Спорттық шеберлік»; «Кәсіби шеберлік» (қатысушы машинаның ақауларын анықтап, оны  жоюы керек); «Өз ісінің шебері».

Байқау қорытындысы бойынша:
Гран – при - Орехов Александр (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);
І орын - Серік Дархан (Орал политехникалық колледжі);
ІІ орын - Иконников Илья (Жоғары техникалық мектебі);
ІІІ орын - Баймухамбетова Эльмира (Теректі колледжі);
ІІІ орын - Оспанғали Аманат (Батыс Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі) және номинациялар:

«Тапқырлығы үшін» Постухов Иван (Ауылшаруашылық колледжі);
«Білгірлігі үшін» Ахметов Еламан (Батыс Қазақстан инженерлік - технологиялық колледжі);
«Шығармашылығы үшін» Шукранов Жанболат (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);
«Шеберлігі үшін» Колесников  Андрей (Жоғары техникалық мектебі);     
«Өз ісінің шебері» Утешкалиев Рустам (Ауылшаруашылық колледжі) Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен марапатталды.

Облыстық байқау жеңімпазы Орал ақпараттық технологиялар колледжінің оқушысы Орехов Александр ағымдағы жылдың 22-23 мамыр күндері Ақтөбе қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

1

2

3

4

5

Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі