«Картинг» |
2014 жылдың 16 мамырында облыстық «Картинг» автокөлік спортынан жарыс өтті. Мақсаты: оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылықтарын, құрастырушылық ой-өрісін, спорт шеберліктерін дамыту. Жарысқа Зеленов, Сырым аудандары мен облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының командаларынан барлығы 47 оқушы қатысты. Конкурс нәтижесінде жеңімпаздар сыйлықтар, дипломдармен марапатталды. |