«Ауыл мектебі жағдайында сапалы білімге қол жеткізу» тақырыбындағы өңірлік оқу-әдістемелік семинары

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар Желілік кестесіне сәйкес Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясымен бірлесіп  2014 жылдың 14-15 мамыр күндері «Ауыл мектебі жағдайында сапалы білімге қол жеткізу» тақырыбында өңірлік оқу-әдістемелік семинарын ұйымдастырды.

Семинар мақсаты: ауыл мектебіндегі, оның ішіндегі шағын жинақты мектептегі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін зерделеу, инновациялық тәжірибелермен алмасу және білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын анықтау.

Семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының ғылыми қызметкері, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әдіскер мамандары, Орал педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы БҚО ПҚБА институты қызметкерлері, ауылдық мектеп директорлары, оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасарлары мен шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылар М.Әуезов орта мектебі және Мерген орта мектебіндегі ресурстық орталығының практикалық іс-тәжірибесімен танысты. Орал қаласындағы №37 жалпы орта мектебі базасында өткен семинардың пленарлық бөлімінде ауыл мектептерін дамытудың өзекті мәселелері, шағын жинақты мектептер қызметінің іс-тәжірибелері туралы баяндамалар тыңдалды. Секциялық жұмысында ресурстық орталық жағдайында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді ортаға салып, жаңашылдық іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі