«Тәрбие беруде мектеп пен ата-ананың өзара байланысы» тақырыбында балалар мен жасөспірімдер тәрбиесіндегі өзекті мәселелер жөнінде ата-аналар қоғамдастығымен кеңес

Ағымдағы жылғы 17 сәуірде Орал қаласы №38 ЖОББМ негізінде ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді шешуде мектеп пен ата-аналар байланысын нығайту мақсатында Орал қаласы мектептері мен облыстық мектеп ата-аналар комиттерінің төрағалары және төрайымдарымен кеңес өткізілді.

Кеңеске ардагер –ұстаздар, қоғамдық бірлестік өкілдері, ішкі істер, діни істер, балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының басшылары, Орал қаласы мектептерінің, облыстық мектептердің басшылары, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналар комитеті, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы мәселесімен жұмыстанатын әдіскерлері қатысты (120 адам).

Кеңесте балалар мен жастар арасындағы қылмыс, зиянды заттарды пайдалану, суицид, деструктивтік діни ағымдарға тартылу мәселелері талқыланды. Оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алу жөнінде Ішкі істер департаменті әкімшілік басқармасының алдын алу қызметі бөлімінің бастығы Арыстаналиев Данияр Талапұлы, балалар мен жастардың теріс діни ағымдарға тартылуы туралы БҚО діни істер басқармасы басшысының м.а. Гиззатов Саялбек Махамбетұлы,  балалар арасындағы суицид жөнінде балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әли Хайдарұлы Масалимов баяндады.

Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналармен жұмыс тәжірибесімен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бакаева Гульжан Ғазезқызы таныстырады.

Патриоттық тәрбие беру мәселесі жөнінде «ЗКО общество инвалидов и ветеранов войны в Афганистане» үкіметтік емес ұйымының өкілі Анатолий Владимирович Боровский сөз қозғады.

Білім саласының майталмандары атынан ардагер-ұстаз Кадыров Марат Сахипұлы сөз сөйледі.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі