Жұлдыздарды жандыратын өнер фестивалі

Сәуір айының 9 - шы жұлдызында Жастар мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығының «Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңі өтті.

Фестивальге 10 - 18 жас аралығындағы 120 өнерпаз қатысты. Оның ішінде облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп -интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп - интернат - кешені, № 15 облыстық көмекші мектеп - интернатының тәрбиеленушілері, сонымен қатар облыстағы мектеп оқушылары бар.

Жыл сайын өткізілетін «Жұлдызай» фестивалінің негізгі мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі талантты балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамның аталған санаттағы балаларға деген көңілін аудару. Фестивальге қатысушылар вокалдық орындау, сурдоаударма ән айту, би, бейнелеу өнері, сәндік - қолданбалы шығармашылық, аталымдары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Фестивальдің барлық қатысушылары облыстық білім басқармасының алғыс хаттары және сыйлықтармен марапатталды. Әділ - қазылардың шешімімен «Жұлдызай» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңінің үздік нөмерлері республикалық фестивальдің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған галаконцертте өз өнерлерін көрсететін болады.

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі