«Қосымша білім беру жағдайында дарынды балалармен жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтарына дарынды балалармен жұмыстың ерекшеліктерімен таныстырып, әр түрлі санаттағы педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету, үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, оқып-үйрену және жинақтау мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурызында Орал қалалық Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі базасында «Қосымша білім беру жағдайында дарынды балалармен жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинары өткізілді.

Семинарға аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің қосымша білім беру әдіскерлері, облыстық, аудандық (қалалық) қосымша білім беру ұйымдары директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Семинар барысында баяндамалар оқылып, дарынды балалармен жұмыстың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.

Орал қаласы С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебі оқушыларының «Өнерлі өрендер» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Семинар соңында қатысушыларға қосымша білім беру ұйымдарында басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі