«ҰБТ-ге дайындық барысындағы әлеуметтік-психологиялық аспект: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбындағы On-Line жүйесіндегі өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында ұлттық жоспардағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша қойылған міндетті жүзеге асыру бағытында 2014 жылдың 28 ақпаны күні «ҰБТ-ге дайындық барысындағы әлеуметтік-психологиялық аспект: проблемалар мен шешу жолдары» тақырыбында On-Line жүйесінде өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды.

Конференция мақсаты: білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың өзекті мәселелерін анықтап, педагогикалық практикада олардың шешу жолдарын анықтау.

Конференция жұмысының стратегиялық бағыты – білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылықтарына сай келетін оқушылардың ҰБТ-ге дайындық барысындағы білімнің сапасын арттырудың оңтайлы жолдарын табу.
Конференция бірнеше секцияларда ұйымдастырылып, келесі тақырыптар бойынша өтті: оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың әдістемелік-ұйымдастыру мәселелері, оқушыларды жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша ҰБТ-ге дайындаудың ерекшеліктері мен әдістемесі, Қазақстан тарихы бойынша оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың методологиясы, мектеп бітіруші түлектердің психологиялық дайындығын арттырудың өзекті мәселелері. Конференция барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған білім процесін ұйымдастыру принциптері және заманауи білім технологиялары мәселелері қаралып талқыланды.

Конференция жұмысына Ақтөбе облысы және Батыс Қазақстан облысы мектептерінің педагогтері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскерлері мен Батыс Қазақстан облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.

Конференция ұсынбалар қабылдаумен қорытындыланды.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі