«Дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердегі арнайы педагогтардың жұмысын ұйымдастыру» атты облыстық оқу-практикалық семинар

2014 жылдың 26 ақпанында БҚО Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, облыстық психологиялық – дәрігерлік – педагогикалық кеңес беру мекемесінің ұйымдастыруымен «Дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердегі арнайы педагогтардың жұмысын ұйымдастыру» атты облыстық оқу-практикалық семинары Казталов ауданы Жалпақтал ауылы Ғ.Молдашев атындағы ЖББОМ базасында өтті.

Қатысушылар саны - 50.

Мақсаты:

- Дамуында ерекше сұранысқа ие балаларды оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердегі арнайы педагогтардың жұмысын ұйымдастыру мен іс-қағаздарының жүргізілуін талдау, іс-тәжірибе алмасу.

- Жалпы білім беретін мектептердегі ТДО сыныптарындағы педагогтарының іс-тәжірибесімен бөлісіп, тарату.
Семинарға білім басқармасының, мектепке дейінгі, жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, мүдделі органдар, БАҚ өкілдері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандары және жалпы білім беретін мектептерінің даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстанатын педагогтары қатынасты.

Практикалық бөлімде Ғ.Молдашев, Қ.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің түзете-дамыта оқыту сыныптары оқушыларымен ашық сабақтар өткізіліп, педагогтар іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Теориялық бөлімде түзете-дамыта оқыту сыныптарындағы құжаттарының жүргізілуі мен нормативтік құжаттар талқыланып, логопед, дефектолог, мектеп психологі мен әлеуметтік педагогтардың жұмыстары тыңдалып, психологиялық тренингтер жүргізілді.

Семинар соңында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы дайындаған концертімен қорытындыланды.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі