«Білім берудің жаңа үлгілерін енгізу жағдайындағы мектепті басқару» тақырыбындағы облыстық білім беру мекемелері басшыларының семинары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесімен таныстыру мен тарату мақсатында 2014 жылдың 20 ақпаны күні Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Білім берудің жаңа үлгілерін енгізу жағдайындағы мектепті басқару» тақырыбындағы облыстың білім беру мекемелері басшыларының семинары ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, облыс мектептерінің басшылары, мектеп директорларының орынбасарлары.

Семинар барысында кіріктірілген оқыту бағдарламасының ерекшеліктері мен критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі талқыланды.

Семинар қатысушылары математика, физика, химия, биология, информатика, казақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндерінен барлығы 15 ашық сабаққа қатысты. Бағдарлы пәндерден өткен сабақтарда оқытудың жаңа тәсілі – ұжымдық оқыту (Team Teaching) қолданылды. Қатысушыларға оқушылардың жазғы демалыс уақытында ұйымдастырылып өткен «Туған елге тағзым», «Шаңырақ», «Юниорлар олимпиадасы», «Ауылдағы екі апта», «Ата-ана жұмыс орнындағы 10 күн», «Біз біргеміз! – Мы вместе! – We are together!», «Discover Kazakhstan», «Bookcrossing» жобалары арқылы кітапхана жұмысы таныстырылды. Таныстыру барысында балалар өздерінің эссе, күнделік, презентация, видеороликтерін көрсетті.

Семинар соңында пікір алмасу өтті.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі