«Құзыретілікке негізделген модульдік оқу бағдарламаларын дайындау жолдары» тақырыбында оқыту семинары туралы

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастырумен 2014 жылдың 18 ақпанында Ақжайық аграрлық техникалық колледжі базасында құзыреттілікке негізделген оқу үрдісінде біріктірілген білімділік және модульдік оқу бағдарламаларды қолдану бойынша оқу мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету, кәсіптік білім беру саласында оқытудың дуалды жүйесінің принциптеріне негізделген инновациялық әлемдік тәжірибені енгізу, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша модульдік оқыту бағдарламаларын жасақтау мен енгізуде педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «Құзыретілікке негізделген модульдік оқу бағдарламаларын дайындау жолдары» тақырыбында оқыту семинары оздырылды.

Семинар жұмысында жаңа технологиялар негізінде дамып келе жатқан республикамыздың аграрлық секторы бүгінгі күні кең құзіретті және үдемелі индустриалдық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға жаңа үлгідегі мамандардың аса қажеттілігі, оқу үрдісіне өндірістік тәжірибелік сағаттарды көбірек кірістіру туралы айтылды.

Сонымен қатар Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік-оқыту шеберлері Б.А. Тажкуранова, Г.Қ. Жұмағалиева, А.Б. Куспаеваның «Қамырдан жасалатын өнімдер» тақырыбындағы теориямен ұштастырылған өндірістік сабақтары, Б.Н. Уаисовтың «Иінді шатунды механизмнің құрылысы мен жұмысы» атты  теориялық сабағы, И.М. Уразгалиевтің  «Форсунканы бөлшектеп, реттеу жұмысымен танысып, қайта жинау», Ж.М. Сағындықовтың «Қозғалтқыштың майлау жүйесімен таныстыру. Май тазарту айналма сүзгісін шешіп алып бөлшектеп, қайта жинау» тақырыбындағы өндірістік сабағы, Қ.С.Утемисовтың «Автомобиль дөңгелектерін жөндеу жұмыстарын жүргізуде құралдар мен жабдықтарды пайдалану әдістерін үйрету» тақырыбындағы шеберлік сабақтарымен қатар  Орал «Сервис» технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы Л.Ә.Абилованың «Ашытқысыз дайындалған тағам» оқу-әдістемелік көмекші құралы презентациясы , Н.А.Сохинаның «Балықтан дайындалған ыстық тағам» оқу-әдістемелік көмекші құралы презентациясы, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Ф.Е.Жубанованың «Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасы пәні бойынша модульдік оқу бағдарламасын қолдану жолдары», М.Г.Батыргалиеваның «Ветеринария мамандығы бойынша модульдік технология негізінде  оқу бағдарламаларын құрастыру тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасы,  Теректі колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары Б.М.Жумагалиеваның «Совершенствование профессиональной подготовки учащихся по специальности «Повар» на основе внедрения модульной технологии обучения», Д.И.Орманованың «Болашақ мамандарды оқытуда арнайы пәндер сабақтарында модульдік технологияның элементтерін пайдалану» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалып, әріптестер арасында талқыланды. Семинар қатысушылары бір мамандық бойынша бірнеше  кәсіби біліктілікті иеленуге мүмкіндік беретін модульдік оқыту бағдарламаларын өңіріміздің экономикалық талаптарын ескере отырып енгізу қажеттігі туралы шешімге келді.

Семинар соңы  ұсынбалар мен сауалнама өткізумен қорытындылады.

МДЖОжКББҰООӘК техникалық
және кәсіптік білім беру бөлімі

 

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі