Техникалық және кәсіптік білім беруге арналған кеңес

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 15 ақпанында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде «Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының орта буын мамандарын дайындау сапасын арттыру жолдарының басым бағыттары» тақырыбында кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкен, облыстық басқармалар басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, КПО б.в. компаниясының, облыстық кәсіпкерлер Палатасының, «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ БҚО бойынша филиалының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, арнаулы мектептердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы -70 адам.

Кеңестің мақсаты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына сәйкес дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру, жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің өндірістегі тәжірибелік дағдыларын жетілдіру, оларды алдыңғы қатарлы кәсіпорындарға, соның ішінде шетелдік компанияларға жұмысқа орналастыру мәселелерді талқылап, нәтижеге жету жолдарын нақтылау болып табылады.

Кеңесте облыстық білім басқармасы басшының орынбасары Н.М.Сабировтың, техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің ««Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Қ.Ғ. Ақдәулетовтің, облыстық кәсіпкерлер Палатасы басшысының орынбасары А.Қ. Абулхайырованың, Жалпақтал аграрлық және салалық  технологиялар колледжінің директоры М.С.Есмағұловтың, «Орал-Терминал» ЖШС-нің директоры М.Ы.Джанкибаевтың, КПО б.в.компаниясы бөлімінің менеджері О.В.Расторгуеваның баяндамасы тыңдалды.

Облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкен кеңесті қорытындылап, алдағы уақытта бірлесіп, тығыз жұмыс жасауға қатысушылардың назарын аударды, атап айтқанда білім басқармасы, кәсіпкерлер Палатылары және әлеуметтік серіктестер.

Кеңес барысында облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіпкерлер Палатасы арасындағы, сонымен қатар А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі мен «Казавтодор» Республикалық мемлекеттік мекемесі арасындағы меморандумдарға қол қойылды.

Облыстық білім беруді дамытуға үлес қосқаны үшін облыс педагогтеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің наградыларымен марапатталды.

Қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көрмесімен және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

1

2

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі