«Жастар мен жасөспірімдердің деструктивтік діни ағымдарға тартылуының алдын алу» атты онлайн оқыту семинары |
2014 жылдың 14 ақпанында дін істері, білім басқармалары мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен директордың тәрбие ісі жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог – психологтар мен сынып жетекшілерге арналған «Жастар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу» атты онлайн оқыту семинары өтті. Практикалық бөлімге 31 адам қатысып, онлайн ремижінде 12 білім беру мекемелері қосылды. Оқыту семинарына БҚО Дін істері басқармасынан бас маман, М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Педагогика және психология» кафедрасының психолог мамандары, облыстық білім беру мекемелерінің педагог – психологтар және дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар барысында деструктивтік діни ағымдар жөнінде өзекті мәселелер көтеріліп, жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру жолдары талқыланды, психологиялық тренингтер жүргізілді. |