«Жаратылыстану пәндері бойынша модульдік оқыту технологиясын жүзеге асыру және оның өзекті мәселелері» атты облыстық семинар туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 04 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің және жаратылыстану пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жаратылыстану пәндері оқытушыларының арасында «Жаратылыстану пәндері бойынша модульдік оқыту технологиясын жүзеге асыру және оның өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар Технологиялық колледжі базасында ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру аумағындағы позитивті тәжірибені ұсыну және талдауға бағыт-бағдар беру, жаңартуға көмектесу және тарату, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы химия, биология, география пәндерінің модульдік технология бойынша берілуінің қазіргі деңгейін анықтау, техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің озық тәжірибелерін, шығармашылықтарын өздігінен таратуына, насихаттауына жағдай жасау, әріптестерімен әдістемелік және шығармашылық байланыстарын кеңейтуге және бірлесіп әрекет етуге ынталандыру.

Модульдік технологиямен оқытуда озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өз іс-тәжірибесін ортаға салған облысымыздың 12 оқытушыларының ішінде Ж.Б.Қонақбаева- Жалпақтал аграрлық және салалық колледжінің химия пәні оқытушысы; Г.С.Назарова - Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің биология пәні оқытушысы; Д.З.Утеулиева- Батыс-Қазақстан медициналық колледжі оқытушысы шығармашылық жұмыстарын ерекше аталды.

Модульдік оқыту технологиясының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы түрлі түйткілдерін өзек еткен семинар жұмысы қатысушылардың көңілінен шығып, өз мақсатына жетті деп қорытындыланып сауалнама жүргізіліп, ұсыныстар таратылды.

1

2

ТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі