Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Мұнай мен газды бұрғылау, өңдеу және қайта өңдеу заманауи технологияларын қолдану» атты облыстық ғылыми – практикалық конференциясы туралы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 4 ақпанында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мұнай мен газды бұрғылау, өңдеу және қайта өңдеу заманауи технологияларын қолдану» атты облыстық ғылыми – практикалық конференциясы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының өндірістегі және шаруашылықтағы мұнай, газ және химиялық өндіріс мамандықтары бойынша шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында оздырылды.

Конференция барысында оқушылар қазіргі  заманауи ақпараттық технологияларды тиімді қолдана отырып,  жұмыстарының ғылыми өзекті мәселелеріне тоқталып, тақырыптарының мазмұнын жан-жақты аша білді.

Сарапшылар мүшелері қатысушылардың сахналық мәдениетін, шығармашылық идеясын, шешендік шеберлігін, сауаттылығын сарапқа салып, жоғары бағалай отырып, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төменде аталған оқушылары марапатталды.

І орын – Каймулин Руслан, Батыс Қазақстан инженерлік- технологиялық колледжі;
ІІ орын – Кисметова Мансура, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;
ІІІ орын – Тарғынова Айым, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;
ІІІ орын – Ковязин Александр, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі

және номинациялармен: «Тиімді технология» – Фаттахов Рифат, Батыс Қазақстан инженерлік-экономикалық колледжі; «Шығармашыл тұлға»  – Орынбасарова Айымжан, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі;  «Жас эколог – зерттеуші»  – Алмагамбетова Маржан, Батыс Қазақстан инженерлік- технологиялық колледжі; «Шешендік өнер» - Баймұратова Гүлжанат, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі.

МДЖОжКББҰООӘК техникалық
және кәсіптік білім беру бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі