Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшыларына арналған білім апталығы

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес және Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында 2014 жылдың қаңтар айының 27-29 аралығында Орал қаласының №47 «Бәйтерек» мектепке дейінгі ұйымының базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына  арналған білім апталығы» өткізілді.

Семинарға Батыс Қазақстан облысы білім саласындағы бақылау департаментінің, Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мектепке дейінгі балалар және жалпы білім беретін ұйымдарының санитарлық гигиеналық қадағалау бөлімінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының, БҚО прокуратурасының мамандары қатысып, мектепке дейінгі ұйымдардың нормативтік құжаттары бойынша кеңестер берді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларына арналған семинар алғашқы рет өткізіліп отыр. Сондықтан біз мектепке дейінгі білім беру мекемелері басшыларының білімдерін жетілдіру және оларды бір- бірімен жақындастыру мақсатын көздедік.

Семинар барысында «Білім беру жүйесінде мемлекеттік стандарт -модернизациялаудың негізгі бағыты», «Мектепке дейінгі мекеменің білім үрдісін жоспарлау», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қазіргі педагогикалық технологиялар», «Мектепке  дейінгі білім беру ұйымдары қызметіндегі жобалау әдісі» мәселелері талқыға салынды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары Орал қаласының №34 «Балбұлақ», №37 «Жұлдыз-ай», №45 «Нұрсәт», №46 «Ақжайық», № 47 «Бәйтерек», №48 «Мұрагер» мектепке дейінгі ұйымдарының қызметтерімен таныстырылып, іс- тәжірибелері таратылды.

Семинар соңында мектепке дейінгі ұйымдары басшыларының білімдерін ұштау мақсатында  тест өткізілді.

Орал қалалық мектепке дейінгі ұйымдарының саз жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты шығармашылық кеш оздырылды.

1

2

3

4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі