«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім берудегі біліктілікті арттыру механизмі және заманауи модельдері» атты облыстық оқыту семинары

28 қаңтар 2014 жылы Жоғары техникалық мектеп базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинеті мен әдістемелік кабинет меңгерушілерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім берудегі біліктілікті арттыру механизмі және заманауи модельдері» атты облыстық оқыту семинары оздырылды.

Семинардың мақсаты: ТжКББ ұйымдарындағы инженер-педагогтардың пелогогикалық шеберліктерін арттыруға көмек, ұйым әдіскерлерінің озық тәжірбиесімен бөлісу.

Семинарға директордың ОӘЖЖ орынбасарлары, әдіскерлер, әдістемелік кабинет меңгерушілері, арнайы пән оқытушылары қатысты.

Оқу семинарын Жоғары техникалық мектебінің құрылтайының кеңесшісі Ө.Қ.Куспанов ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинар барысында: Өзін-өзі жетілдірудің жеке жоспары, жас педагог мектебінің жұмысы, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін қалыптастырудағы біліктілік арттыру курстары, мекемелерде тәжірибе алу, шетелдегі біліктілік арттыру курстары және педагог қызметкерлерінің аттестатциядан өтуі туралы айтылды.

Семинар бағдарламасы бойынша ЖТМ директорының ОӘЖЖ орынбасары А.М. Аймаганбетованың «ТжКББ оқу орындарындағы педагог қызметкерлердің кәсіби тұрғыда өсуіне бағдар беру жүйесі» тақырыбындағы баяндамасында оқу тәрбие жұмыс процесінің тұрақтылығы мен нәтижелігі жас оқытушылардың кәсіби тұрғыда өсуіне бағытталған шарадан тұратындығын атап айтты.

Жұмыстың маңыздылығы - қазіргі жағдайда оқытушының мәртебесін көтеруге, уәждеме мен оқытушының кәсіптік қызметінің шығармашылығын күшейтуге бағытталған.

«Өрлеу»  біліктілік арттыру ұлттық орталығы  АҚ филиалы БҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері Е.Н. Сафуллин, А.Т. Дандибаев сөз алып, бірі біліктілік арттыру курсының ұйымдастырылуы туралы сөз етсе, бірі «Педагог қызметкерлердің  кәсіби шеберлігін қалыптастырудагы біліктілік арттыру курстарының маңызы» туралы баяндады.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің әдіскері С.Н.Обезьянова арнайы пән оқытушыларының мекемелерде тәжірибе алу іс тәжірибесімен бөлісті.

Оқытушылардың мекемелерде тәжірибе алуы - ол оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін мақсатты, үздіксіз жетілдіру.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша  шетелде оқып, тәжірибе алып келген Орал  ақпараттық технологиялар колледжінің  арнайы пән  оқытушысы Н.М Султанов тәжірибесімен бөлісті. Ол жаңа ақпараттық технология саласы бойынша оқыған іс тәжірибесін, білімін алдағы уақытта мүмкіндігі шектелі оқушыларды дистанциялық оқытуында  қолданылатындығын сөз барысында айттып өтті.

Лаубертс К.Ю. 01.12.2013-14.12.2013ж. аралығында Германия Федеративтік Республикасының Берлин  қаласында болғанын баяндады.

Әдістемелік қызметтің өз бетімен білім алуға бағдарлау, өздігінен даму мен жетілдіру, оқытушының жеке тұлғалық  шығармашылы мен кәсібилігінің ойдағыдай дамуына ықпал етеді. Бұл Зеленов колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Л. Войтюктің баяндамасында көрсетілді.

Семинар барысында қозғалған тағыда бір маңызды сұрақ – ол инженер-педагогтардың аттестациядан өтуі. ТЖКББ бөлімінің  әдіскері Қуаншалиева Р.Т. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрық бойынша Педагог қызметкерлерінің аттестаттау ережесінің бекітілгенін, оқытушы порфолиоын жаңа ережеге сай жинақтау қажеттігін баса түсіндіріп өтті.

Аттестация – оқытушалардың біліктілігін арттыру бөлімінде сөз салған Теректі колледжінің өндірістік оқыту шебері  Рахымғалиева Т.Ш. аттестатталушы педагогтардың портфолиосын электронды жинақтау түрлерін көрсетіп берді.
Оқыту-семинарды өткізудегі қойылған максаттары мен міндеттерін шешуге байланысты оқылған іс-тәжірибелер мен шеберлік сынып көрсетушілерге алғыс білдіре отырып, оқыту семинар жұмысы соңында әдіскерлерге сауалнама жүргізіліп, әдістемелік ұсыныстар таратылды.

1

2

3

МДЖОТжКББҰ облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі