Облыстық білім қызметкерлері арасында өткізілетін шаңғы туризмі техникасынан “Европа-Азия 2014” жарысының БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ҚР Президентінің Жолдауында біздің еліміздің болашақта дамуының мақсаттары ғана белгіленген жоқ, одан әрі дамытуға жету жолдары айқын көрсетілген. Мемлекет басшысы нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркімнің түсінуі тиіс екенін атап көрсетті. Бұл туристік-өлкетану қызметін оқушылар арасында жүзеге асыратын, балаларға қосымша білім беру ұйымдарына тікелей қатысты. Олардың алдында Қазақстанды алдыңғы қатарлы еуразиялық медициналық, сауықтыру орталығына айналдыруда, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруді одан әрі жақсартуда үлкен үлестерін қосу міндеті тұр. Осы мақсатта облыста туристік-өлкетану қызметі саласында шаралар өткізу белгіленген.

Білім қызметкерлері арасында шаңғы туризмі техникасынан облыстық “Европа-Азия 2014” жарысы 22-24 қаңтар  аралығында өтеді. Жарыс облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Жарысқа аудандар, Орал қаласы білім мекемелерінің командалары қатысуда (12 команда 8 адамнан), Бөкей ордасы ауданынан команда қатыспады.

Ашылу салтанаты облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкеннің қатысуымен 22 қаңтарда сағат 18.00-де «Евразия» ТСК-де өтті.

Жарыс бағдарламасы:
22 қаңтар – «Жеке қашықтығы» (орны: «Еуразия» ТСК-і );
22-23 қаңтар – конкурстық бағдарлама (орны: «Еуразия» ТСК-і ):
- командалардың ең үздік көрсетілімі;
- «Қысқы керемет» тағам конкурсы;
- бивуактар конкурсы;
- жорық туралы есеп конкурсы.
23- қаңтар - Шаңғы туризмі техникасы бойынша далалық жағдайда түскі ас әзірлеу кросс-жорығы (орны: Меловые горки);
24-қаңтар - Қысқы спорттық бағдарлау (орны: Хан тоғайы).
Жабылу салтанаты – 15.00 (орны: «Еуразия» ТСК-і ).

Анықтама  телефондары: 8(7112)52-58-87, 52-59-42
Мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Орал қаласы, Исатай батыр көшесі 71/1, облыстық балалар- жасөспірімдер туризмі және экология орталығы.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі