«Мектеп жанындағы интернаттың қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сай ағымдағы жылдың 16 қаңтарында дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің базасында интернаттық ұйымның жұмысын бағдарламалық – әдістемелік қамтамасыз ету, кәсіби тұрғыда шығармашылықпен жұмыс істейтін интернат тәрбиешілеріне бағыт-бағдар беріп, әдістемелік шеберліктерін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында «Мектеп жанындағы интернаттың қызметін ұйымдастыру» атты облыстық семинары өткізілді. Семинарға аудандық жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернат, облыстың білім беру мекемелері мен облыстық арнаулы (түзеу) мектеп-интернат тәрбиешілері қатынасты.

Семинар барысында «Мектеп-интернат кешенінің тынысы» атты дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені туралы бейнефильм көрсетіліп, интернат базасына саяхат, «Интернат өмірінен» көрме және тренингтер  ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушыларға мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері З.Габбасова мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің интернат меңгерушісі Е.Бимағанбетов құрастырған «Интернаттық ұйымдарда қолданылатын құжаттар жинағы» атты әдістемелік нұсқаулық таратылды. Интернаттық ұйымдардың меңгерушілері жұмыс жоспарларымен  және іс-тәжірибелерімен таныстырды. Атап айтқанда, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің интернат меңгерушісі Е.Бимағанбетовтың, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының интернат меңгерушісі Қ.Раимованың, облыстық көзі нашар көретін және соқыр балаларға арналған мектеп-интернат кешені интернатының аға тәрбиешісінің Б.Амировалар оқушылармен жүргізілген шығармашылық жұмыстарын ортаға салды.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, ұсыныстар қабылдады.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі