«Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу» тақырыбындағы кеңес

2014 жылдың 15 қаңтары күні Орал қаласы КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің базасында білім басқармасының ұйымдастыруымен cапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуде педагог кадрлардың біліктілігін, кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытында бірлесе жұмыстану арқылы нәтижеге жету жолдарын нақтылау мақсатында «Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу» тақырыбындағы кеңес өтті.

Кеңес облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкен, Батыс Қазақстан облысы бойынша білім саласын бақылау департаментінің басшысы С.М.Бахишева, «НЗМ» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» Орал қаласындағы филиалының директоры А.Т.Айтбукешев, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПКБАИ» директоры С.С.Ізмұхамбетова, ЖОО ректорлары, колледж директорлары, аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары, аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің басшылары,  аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық білім беру мекемелерінің басшыларының қатысумен өтті.

Кеңес барысында білім беру саласы қызметіндегі 2013-2014 оқу жылының I жарты жылдығының қорытындысына талдау жасалып, алда тұрған міндеттер, 2013 жылы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалу жағдайы, педагогикалық кадрлардың және білім беру мекемелерінің жай-күйі, білім сапасын арттырудағы жаңа формация мұғалімінің ролі мен педагогтардың кәсіби құзыреттілігі талқыланды.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру бағытындағы жоғары оқу және арнаулы оқу орындары, жергілікті атқарушы органдар мен білім ұйымдары басшыларының бірлесе атқаратын жұмыстары жөнінде хаттама қабылданды.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі