«Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу» кеңесінің БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

15 қаңтар, 2014 жыл

Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын  жүйелеу» тақырыбындағы кеңес Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің базасында 2014 жылдың 15 қаңтары күні оздырылады.

Кеңес мақсаты: Сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуде педагог кадрлардың біліктілігін, кәсіби құзыреттілігін  арттыру бағытында бірлесе  жұмыстану арқылы нәтижеге жету жолдарын нақтылау.

«Педагог кадрларды дайындау, білімін жетілдіру орындары мен білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастығы арқылы оқыту мен тәрбие сапасын арттыру жолдарын жүйелеу» тақырыбындағы кеңес отырысы ағымдағы жылдың 15 қаңтары күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Орал қаласы КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің  базасының 209 аудиториясында өткізіледі.

Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкен қатысады.

Кеңес барысында білім беру саласы қызметіндегі 2013-2014 оқу жылының  I-ші жарты жылдығының қорытындысына талдау жасалып, алда тұрған міндеттер, 2013 жылы білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалу жағдайы, білім сапасын арттырудағы жаңа формация мұғалімінің ролі, білім сапасын арттырудағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігі, педагогикалық кадрлардың және білім беру мекемелерінің жай-күйі және қызметі туралы ой қозғалады.

Семинарға қатысушылар санаты: облыс әкімінің орынбасары Б.М.Мәкен, БҚО бойынша білім сапасын бақылау басқарма басшысы С.М.Бахишева, «НЗМ» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығының» Орал қаласындағы филиалының директоры А.Т. Айтбукешев, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «БҚО ПКБАИ» ректоры С.С. Измұхамбетова, ЖОО ректорлары, колледж директорлары, аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары, аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің басшылары, аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық білім беру мекемелерінің басшылары қатысады.

Барлығы – 55 қатысушы.

Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша ұсынбалар қабылданып, таратылады.

Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда облыстық білім басқармасының 26-04-65, 24-08-03, 24-12-07 телефонына хабарласуға болады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі