Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2013 жылғы 16 қарашадағы №4097-1 тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан өткізілетін жаңа жылдық шырша 20 желтоқсан күні сағат 10.00-де қазақ драма театрында ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық шыршаға 9 бен 13 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек-балалар ішінен 160 бала қатысты (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-48, аз қамтылған отбасының балалары-48, көп балалы отбасының балалары-56, мүгедек балалар-8).

Ауылдық жерлерден балалардың келуі 19 желтоқсанда ұйымдастырылды. Орналасу орны - «Айдана» қонақ үй кешені.
Балалардың келу күні танысу кеші мен диско-фиеста ұйымдастырылды.

20 желтоқсан күні қазақ драма театрында шыршаға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің бейне құттықтауы көрсетілді.

Мерекелік шараға облыс әкімі Н.А.Ноғаев қатысып, Президент атынан шыршаға қатысушыларға сыйлықтар берді.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына 75 мың теңге сомасына сыйлықтар (қысқы сырт киім, қысқы аяқ киім, бас киім, шарф, қолғап, спорттық костюм, спорттық аяқ киім, жемпір, ұялы телефон және тәтті сыйлық) берілді.

Жаңа жылдық шыршаны өткізгеннен кейін (20 желтоқсан) шыршаның барлық 160 қатысушысына «Айдана» мейрамханасында мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың мерекелік бағдарламасына қосымша Назарбаев зияткерлік мектебіне, экологиялық-биологиялық орталығының балалар хайуанатына саяхат, «Галактика» сауықтыру орталығында мультфильм қарау, спорт мұз айдынында конькимен сырғанау енгізілді.

Кеш соңы оқушылардың Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы: «Ел басы және ел қамы», «Ел басы және ел шежіресі» және «Тұңғыш» фильмін қараумен аяқталды.

Денсаулық сақтау басқармасы және Ішкі Істер Департаментімен Шыршаның өту орны, балалардың орналасу орны мен жол жүру кезінде кезекшілік ұйымдастырылды.

Мерекенің сценарийі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен дайындалды.

1

2

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі