Жас өнертапқыштардың көрмесі

2013 жылдың 13 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығымен бірлесе өткізілген ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Көкжиек» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа уақыт ішінде маңызы зор жобалар қолға алынып, Елорданың төрінде дүние жүзіне танымал болған халықаралық ЕХРО көрмесі өтетін болды. Бұл Тәуелсіздіктің жемісі, сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Осынау Ұлы мереке қарсаңында БҚО тарихи-өлкетану музейінде «Идеялар жәрмеңкесі» атты жобасы аясында «Көкжиек» көрмесі жабдықталып отыр. Келешектің креативті қаласы «ЭКСПО-2017» жасыл қаласы – ЭКСПО көрмесінің тақырыбы оқушыларды тың идеяға итермелеп, БҚО балалар техникалық шығармашылық орталығының жас өнертапқыштары өздерінің ғылыми-техникалық туындыларымен болашақта бәсі биік үлкен көрмелерден көрінері сөзсіз.

Көрме оқушылардың техникалық шығармашылығына арналған «ЭКСПО-2017» тақырыбында көрме ұйымдастыру, жас ұрпақтың техника ғылымына деген қызығушылығын тудыру, жас техниктердің озат тәжірибелерін насихаттау мақсатында жабдықталды.

Көрмеге XX ғасырдың 70 жылдары жасалынған «Т-34» танкісінің кішірейтілген макеті,  халық арасында «Кукушка» деп аталып кеткен (1899-1924 жж. аралығында Ресейде шығарылған) бу күшімен қозғалатын паровоздың көшірмесі, ПО-2 ұшағының 1:10 есе кішірейтілген үлгісі және басқа да туындылар қойылған. Солардың ішінде ерекшесі - ПО-2 ұшағы. Ол Поликарповтың басшылығымен 1928 жылдан шығарыла бастаған. Әуелгі кезде У-2 деп аталғанмен, Поликарповтың құрметіне 1944 жылы ПО-2 деп өзгертілді. Бұл ұшақпен ер жүрек қазақ қызы, ұшқыш, «Халық хаhарманы» Хиуаз Доспанова да әуеде қалықтаған.

Шараға Облыстық балалар техникалық шығармашылық орталығының оқытушылары мен оқушылары, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің Батыс Қазақстан Гуманитарлық Академиясының студенттері, Облыстық білім беру басқармасының қосымша білім және тәрбие бөлімінің мамандары, Батыс-Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының, Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығының, С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің қызметкерлері шақырылып, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі