«Жасөспірімдер арасында зиянды заттарды қабылдаудың алдын алу мәселелері» тақырыбындағы он-лайн семинар-практикум

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Білім басқармасы мен мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  «Жасөспірімдер арасында зиянды заттарды қабылдаудың алдын алу  мәселелері» тақырыбында он-лайн семинар-практикум өткізілді.

Мақсаты: жасөспірімдер арасында АҚТҚ/ЖҚТБ, нашакорлық, шылым шегудің алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарымен іс-тәжірибе алмасу, ағарту-насихаттау жұмыстарын жүргізуде білімдерін толықтыру.

Семинарға БҚО Ішкі істер департаментінің, «Облыстық наркологиялық  диспансерінің», «Облыстық АҚТҚ/ ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының өкілдері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері, облыстың білім беру мекемелері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары,  сынып жетекшілер, оқушылар, наркобекет   жұмысына жетекшілік ететін мамандар қатысты.

Семинар үш бөлімде ұйымдастырылды.

Кіріспе және теориялық бөлімдерінде шақырылған қонақтар статистикалық мәліметтерге тоқтала келе, зиянды заттардың түрлері мен залалы, алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы толық мәлімет берді.

Практикалық бөлімде Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.К. Набиева мен Теректі ауданы, №1 Федоровка ЖОББМ-індегі «СӨС» клубының жетекшісі  М.П.Тукпаева волонтерлық қызметтің маңыздылығын нақты айта келе, тренингтер өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен алмасты. Сонымен қатар «Өркен» қосымша білім беру орталығының әдіскері Ж.Ө. Айдыналиева нашақорлықтың алдын алу бағытындағы облыстық байқаулардың қорытындысымен таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап ала отырып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі