Семинар-практикум на тему «Эффективное применение инновационных технологий на уроках истории Казахстана»

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21қараша күні Орал қаласының №42 «Ақниет» гимназиясы базасында Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік  жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында көтерілген тарих пәнін оқытуды түрлендіру бойынша «Қазақстан тарихы пәнін оқытуда инновациялық технологияны қолданудың тиімділігі» атты облыстық семинар-практикум өткізілді.

Тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін, біліктілігін көтеру, орта білім беру жүйесінде жаңа технологиялар  арқылы білім беруді насихаттау, шеберлік сынып, панорамалық сабақ көрсету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оқытудың тиімді түрлері мен  әдістерін іздеу, оқу үдерісіне енгізуді дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинар өз нәтижесін берері сөзсіз.

Семинарға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және тарих пәні мұғалімдері қатысты. Қатысушылар саны: 38.

Семинар практикалық және теориялық түрде ұйымдастырылды.

Практикалық бөлімінде Орал қаласының №42 «Ақниет» гимназиясының тарих пәні мұғалімдері ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, өздерінің сабақ үлгілерін көрсетті.

Теориялық бөлімінде аудандық (қалалық), облыстық мектептердің тарих  пәні мұғалімдері түрлі әдіс - тәсілдер, жаңа технологияларды практика жүзінде қолданылуын  көрсетті, шеберлік сыныбы, панорамалық сабақ беріп,  белсенділік танытты. Атап айтқанда, Зеленов ауданы Қ.Аманжолов атындағы  ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Қ.Аталықованың, Ақжайық ауданы Тайпақ ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Л.Ахатованың өзекті мәселені қозғап, оқушылармен жүргізілген шығармашылық жұмыстарын бейнематериал, презентация түрінде қорғағандары өте әсерлі болды. Педагогикалық  кадрлардың біліктігін арттыруда Кембридж бағдарламасының рөлі  және  жаңа технологияларды  сабақ  процесіне  практикалық  түрде енгізу туралы  баяндамалар оқылды. Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі