Ел ұландарын біріктірген форум

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні білім және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларының қолдауымен облыстық «Мәңгілік ел ұландары» форумы оздырылды. Шараның мақсаты - балалар әлеуметтік бастамасын қолдау, балалар ұйымдарын ынталандыру және балалар қоғамдық ұйымдарының, балалар қоғамдық қозғалыстарының мемлекет пен қоғам өміріндегі мәртебесін арттыру.

«Өркен» қосымша білім беру орталығында жалпы орта білім беретін мектептерінің «Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары, белсенділері және тәлімгерлері бас қосты (барлығы 65 адам).

Көшбасшылар форум аясында облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 15 көмекші мектеп-интернатында «Шексіз балалық шақ» сазды тренинг бағдарламасын ұсынып сыйлықтар табыс етті.

Жас ұландықтар «Жас Ұлан» - 2050», «Мектеп – 2050», «Қазақстан – 2050»  топтық жобаларын қорғады.

«Жастар – ел болашағы» пресс-конференциясында облыс жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Р.Р.Ашеновамен жастар белсенділігі, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны жөнінде мәселелерді қозғады.

Шара секция жұмыстарымен, шеберлік сыныптармен, «Шырқа, Жас Ұлан» атты жаңа әндер топтамасының тұсаукесерімен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, қатысушылар хайуанаттар бағы мен «Жайна, Орал!» жаңа саябаққа саяхат жасап қаланы тамашалады.

Форум аясында белсенділік көрсеткен жас көшбасшыларға «Алғыс хат» және естелік сыйлықтар, форумға қатысушыларға сертификаттар берілді.

1

2

3

4

5

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі