Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасындағы «Өз ісінің шебері» облыстық байқауы

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 21 қазанындағы №688 бұйрығы сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті маман даярлауда озат тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіру, кәсіптік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін көтеру, өндірістік оқыту шеберлерін қолдау және мадақтау, шығармашылық байланысты кеңейту және өндірістік оқыту саласындағы жетістіктер және жаңа идеялармен алмасу, кәсіби шығармашылығын жетілдіру қажеттілігін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызметтің озық тәжірибесін тарату мақсатында 2013 жылдың 8 қарашасында А. Иманов атындағы жол-көлік базасында оздырылды.

Байқау екі кезеңнен тұрды. І кезең бойынша «Портфолионы қорғау» сырттай ағымдағы жылдың 30 қазанында өткізілді. Бұл кезеңге 22 өндірістік оқыту шеберлерінің портфолиосы қаралып, нәтижесінде 17 өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмысы ІІ кезеңге ұсынылды.

Екінші кезеңі үш бөлімнен құрылды.

1. «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты визиттік карточка арқылы өз кандидатурасының тұлғалық-шығармашылық қасиетін таныта отырып ұсынды.

2. «Өндірістік оқыту шеберінің шығармашылық және инновациялық қызметінің презентациясы» Бұл бөлімде өндірістік оқыту шеберлері шеберлік - класс көрсетілді (слайд, видео ролик арқылы).

3. «Шебер қолдар» Шығармашылық лабораториясы, бейне материалдар, әдістемелік (ғылыми-әдістемелік) нұсқаулар, альбомдар, бұйымдар, құрылғылары т.б. жұмыстарды көрме, презентация ретінде ұсынылды.

Бұл шараға облыстағы колледждердің өндірістік оқыту шеберлері белсене қатыса отырып, өздерінің жеке әдістемелік идеяның өзектілігі мен жаңашылдығы туралы, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру туралы ұсынымдары, білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялардың әдістерін енгізу және жетілдіру жұмыстары туралы, білімді өндіріспен байланыстыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстары арқылы шараның мазмұнын аша түсті.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төмендегі өндірістік оқыту шеберлері марапатталды:

І орын – Хатимуллина Бибина Тұрарбекқызы (Технологиялық колледжі);
ІІ  орын – Сагынгалиев Сансызбай Нұртазаұлы (А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі);
ІІІ орын – Курмангалиева Раушан Маратқызы (Орал «Сервис» технологиялық колледжі);
ІІІ орын – Асанова Венера Серікқызы (Ақсай техникалық колледжі);

«Кәсіптік шеберлігін шыңдағаны үшін» номинациясы бойынша Мусиева Клара Зулхаирқызы (Орал политехникалық колледжі);
«Оқытуда инновациялық технологияны енгізгені үшін» номинациясы бойынша Иманбаев Руслан Мәлікұлы (Тайпақ колледжі);
«Үздік презентация» номинациясы бойынша Иманбаева Гүлзия Маратқызы (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);
«Әмбебап шебер» номинациясы бойынша Хамзина Ағайша Салимгерейқызы (БҚ индустриалды колледжі);
«Кәсіптік білім беруде қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Рахимгалиев Тимур Шынболатұлы (Теректі колледжі).

1

2

3

4

Мектепке дейінгі, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық
оқу-әдістемелік кабинеті

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі