«Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары  облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қазанында Орал қаласы №42 «Ақниет» гимназиясы базасында «Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде инновациялық технологияларды сапалы білім беруді жетілдіру бағытында қолдануды ұйымдастыру.

Семинарға қатысушылар: Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері және бастауыш сынып мұғалімдері. Қатысушылардың жалпы саны 34.

Семинар теориялық және практикалық бөлімде өткізілді. Теориялық бөлімінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Шағын жинақты мектепті дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Н.Тойбазарова «Шағын жинақты мектептердегі бастауыш сыныптағы әдістемелік оқулықтармен жұмыстану жолдары» және «Дамыта оқыту технологиясы» туралы әсерлі әңгімеледі. Сонымен қатар, Орал қаласы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің және математика пәнін оқыту әдістемесінің оқытушылары өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық бөлімінде №42 «Ақниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқыту технология түрлерін қолдана отырып, озық сабақ үлгілерін көрсетті.

Сонымен қатар, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бастауыш сынып әдіскері мен шығармашылық топ мүшелері «Оқу мен тәрбие берудегі жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеу» және «Тақырыптық-күнтізбелік жоспарлардың мазмұны мен құрылымы» жөнінде, жоспарды қолдану туралы жалпы түсінік берді.

Семинар-практикумға қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

1

2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі