«Жас полиция» байқауы өз жеңімпаздарын анықтады

Білім басқармасының 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында қазан айының 11 жұлдызында балалар мен жасөспірімдер арасында жас полиция топтарының облыстық жарысы ұйымдастырылды. «Дарын» қосымша білім беру орталығында Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының және Орал қаласының  жалпы білім беретін мектептердің «Жас полиция» топтары  8-11 сынып оқушылары бас қосты. Аталған шараны ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, БҚО Ішкі істер департаменті және облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы.

Әр топ жыл бойы атқарған жұмыстарын ұсынса, топ жетекшілері әр түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырды.  ҚР Заңнамалары бойынша тестілерге жауап беріп құқық білімпаздары екенін дәлелдеді. Саптық даярлық, үгіт топтары байқауларында барлық топтар өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Байқау қорытындысы бойынша 1-ші жүлделі орынды Бөрлі ауданы «Сарбаз» тобы жеңіп алды. Ақжайық ауданының «Жас қыран» тобы және Жәнібек ауданының «Қыран» тобы 2-ші орынға иеленсе, 3-ші орынды Жаңақала ауданы «Жас Ұлан» тобы, Теректі ауданы «Жас Шаған ұландары» жас полицейлері және Орал қаласы №44 ЖОББМ-нің «Қыран» тобы өзара бөлісті.

Жеңімпаздарға білім басқармасының және ішкі істер департаментінің дипломдары мен сыйлықтары табыс етілді.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі