«Тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыруды жетілдірудің басым бағыттары» тақырыбындағы семинар

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 қазаны күні Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталығы) базасында «Тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыруды жетілдірудің басым бағыттары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Шағын жинақты мектепті дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тойбазарова Нағима Әмірханқызы, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімінің басшысы Ғұмарова Зәуре Базарғалиқызы, БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Хамзина Аягөз Орынбайқызы, сонымен қатар, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, ресурстық  орталығының директорлары, ресурстық орталықтың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты: Тірек мектеп (ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету және шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарына арналған оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелері.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ШЖМ дамыту орталығының директоры Н.Ә.Тойбазарова өз сөзінде біріктірілген класс-комплектілерінде сабақ беру мен оны ұйымдастыру жолдары, біріктірілген сыныптарында ұқсас тақырыптарды оқытудың әдістері мен тиімді тәсілдері туралы жан-жақты маңызды мәліметтер берді. Шағын жинақты мектептегі білім беру үрдісін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мақсатында семинар қатысушыларына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған әдістемелік оқу құралдармен таныстырды. Семинар жұмысы барысында ШЖМ-тің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері мен басқарудың нормативтік құқықтық негіздері; ШЖМ-ті басқарудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары, ШЖМ-ті дамыту тұжырымдамасы туралы түсінік беру; ШЖМ-гі педагогикалық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері; ШЖМ-ті дамыту аймақтық орталығы жұмыс моделімен таныстырды.

Семинарға қатысушылар іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

1

2

3

4

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі