Ұстаздар күніне арналған мерекелік бал

2013 жылғы 1 қазан күні облыстық қазақ драма театрында Ұстаздар күні мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

Мерекелік балға облыс әкімі Н.А.Ноғаев, облыстық мәслихаттың хатшысы М.И.Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Б.М. Мәкен және облыс әкімі аппаратының басшысы М.Л.Тоқжанов, Орал қаласының әкімі А.С.Көлгіновке, облыстық басқармалардың және құқық қорғау органдарының басшылары, ЖОО ректорлары, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің өкілі, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім беру бөлімдерінің және мектеп басшылары және орынбасарлары, «Үздік педагог» Республикалық байқаудың жеңімпаздары, мұғалімдер, жас мамандар, демеуші-меценаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев облыс мұғалімдерін Ұстаздар күнімен құттықтады.

1

Салтанатты шарада облыстағы мектептердің үздік басшылары атап өтіліп, «Samsung» фирмасының планшеті табыс етілді. Олар: Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы №3 ЖОББМ директоры Н.А.Шиганакова, Жәнібек ауданының  Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ директоры С.Қ.Қарабалин, Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясының директоры С.И.Тілеужанова, Орал «Сервис» технологиялар колледжінің директоры Н.Х.Ғалиева.

«Үздік директордың орынбасары» номинаттарына «Sony» фирмасының бейне камералары табыс етілді. Атап айтқанда: Бөкей Ордасы ауданының Б.Жәнекешов атындағы ЖОББМ директорының орынбасары Р.Е.Ашығалиева, Тасқала ауданы Қ.Сәтпаев атындағы ЖОББМ директорының орынбасары  Ж.Ш.Жұмалиева, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ директорының орынбасары А.С. Ердәулетова, Орал қаласындағы №45 ЖОББМ директорының орынбасары Ұ.В.Давлетова.

4

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосқаны үшін облыстың үздік педагогтеріне «Sony» фирмасының фотопараттары  табыс етілді. Олар: Ақжайық ауданының Алмалы ЖББОМ химия пәнінің мұғалімі Ж.С. Бекишев, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ЖОББМ химия пәнінің мұғалімі К.Ш. Өтебаева, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының дефектологі Г.Г. Мұрзағалиева, Орал қаласындағы №19 «Золотой петушок» балабақшасының тәрбиешісі А.Д. Ерекешева, Сырым ауданының Бұлдырты ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Д.Е.Хуснитден, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің оқытушысы С.С. Бисалиева, Зеленов ауданындағы Зеленов колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Н. Мирошников, Зеленов ауданының Мичурин ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б. Қадырова, Қаратөбе ауданының «Шұғыла» МДҰ тәрбиешісі А.А. Аманжолқызы, Теректі ауданының Шаған ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.О.Кенжеғалиева, Жаңақала ауданының №3 ЖОББМ география-биология пәндерінің мұғалімі Ғ.О.Қарасаева.

Осы жылы облыстың білім беру ұйымдарында жұмыс істеп  жүріп, аз уақыт ішінде белгілі бір жетістіктерге жеткен жас мамандарға «Samsung» фирмасының ұялы телефоны табыс етілді. Олар: Орал қаласының №40 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.С. Жұмиева, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің физика пәнінің мұғалімі Н.Ж. Шоқобалинов, Теректі ауданының Ақсуат ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі А.Т. Маштаев, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат математика мұғалімі А.Г. Кудряшов.

Жыл сайын облыстық білім беру ұйымдарына демеушілік көмек көрсетіледі. Осы жылы салтанатты мерекеде білім беру мекемелерінің демеуші-меценаттары марапатталды.

2

«Мектепке жол» Республикалық акциясында аса қолдау көрсеткені үшін «Конденсат» акционерлік қоғамына, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалына, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымына, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарына, КПО б.в., компаниясына, облыстық ішкі істер департаментіне ерекше алғыс білдірілді.

«Білім беру меценаттары» номинациясына ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің президенті А.С. Әйтімов, «Цеснабанк» АҚ директоры Ж.А.Ағзам, Сырым ауданы Жымпиты ауылының жеке кәсіпкері Ж.Ж.Есенова, «Жайықмұнай» мұнай-газ компаниясының сыртқы байланыстар департаментінің басшысы В.М. Дружинин, «АзияТехСтрой» ЖШС директоры А.Ж. Әлімбетов белгіленіп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ұстаздар күніне арналған бал «Ұстазым» әнімен аяқталды.

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі