Облыстық «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылар олимпиадасы

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2013 жылдың 25 қыркүйегінде Орал қаласының №37 ЖОББМ базасында алғаш рет облыстық «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар олимпиадасы өтті. Аймақтық олимпиаданың І кезеңіне  «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобалардың авторлары 7-9 сынып оқушылары қатысты. Облыстық, аудандық мектептерден барлығы 47 оқушы қатысты.

Олимпиада мақсаты: құндылық бағдарларды  қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және  өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау, жандандыру.

Міндеттері:
• оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту;
• балалардың шығармашылық әлеуетін белсендіру, шығармашылық бастамашылдығын дамыту;
• оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
• өмірлік міндеттерді шешу іскерліктері мен дағдыларын дамыту.

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.
Бірінші кезең – аймақтық олимпиада.
Екінші кезең – республикалық олимпиада.

Әрбір кезең екі турдан тұрды. Бірінші тур – эссе  жазу. Екінші тур – тест тапсырмаларын  орындау. Әр турдың бағдарламасын орындауға 2 (екі) астрономиялық сағат берілді.

Олимпиада қазақ және  орыс тілдерінде  өткізілді. Аймақтық олимпиаданың І кезеңінің әділқазылар шешімі негізінде жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде – Н.Қ.Мағытай - Ақжайық ауданы, Есенсай ОЖББМ 8-сынып оқушысы;

І орын – А.С.Хохлачева - Орал қаласы, №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп,  8-сынып оқушысы;

ІІ – орын – Ә.Т.Ереева - Жаңақала ауданы Пятимар ЖОББМ, 9-сынып оқушысы;
А.А.Панкратова, Орал қаласы, №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп,  8-сынып оқушысы;

ІІІ – орын – А.А.Ғибадатова - Бөрлі ауданы, Қызылтал ЖББОМ 9-сынып оқушысы;
А.Ә.Әміржанова - Жаңақала ауданы, Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ, 8-сынып оқушысы;
Г.Е.Мажитова, Орал қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11  қазақ мектеп-интернат кешені, 9-сынып оқушысы.

Республикалық олимпиадаға жоғарыда аталған жеңімпаздар 7 оқушы құралған команда мүшелері «Бөбек» ҰҒПББСО-на барады.

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі