Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Тіл тарланы» атты облыстық байқауы

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2013 жылғы 20 қыркүйекте Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі базасында Батыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы өзге ұлт өкілдерінің «Тіл тарланы» атты облыстық байқауы оздырылды.

Облыстық байқаудың  мақсаттары мен міндеттері - 22 қыркүйек Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы өзге ұлт өкілдерінің ауызекі сөйлеу дағдыларын арттыру, өз кәсібіне қажетті мемлекеттік тіл қорын байыту, достық пен ынтымақтастықты, сыйластық пен бірлікті дамыту, қазақ халқының әдебиетін, мәдениетін білу, мемлекеттік тілді меңгеруге және қазақстандық отансүйгүштікті нығайтуға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейту.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

I. Байқаудың бірінші кезеңі 2 бөлімнен тұрады:
1. «Ердің атын еңбек шығарады». Қатысушы өнерін көрсету арқылы мамандығымен байланыстыра отырып өзін таныстырады (қатысушының таңдауымен слайд, ауызша бейнеролик т.б түрінде)(5 мин);
2. «Даналардың сөзі – шешендіктің көзі». Жастарды еңбекке баулуға қатысты айтылған танымал би, шешендердің ұлағатты, өнегелі сөздерінен үзіндіндіні мәнерлеп оқу (билеттік жүйе, 3 мин);

II. Байқаудың екінші кезеңі 3 бөлімнен тұрады:
1 Жазбаша бөлім: «Тіл – білім бұлағы» тақырыбында шығарма - эссе жанрында жазбаша жұмысқа 30 минут уақыт беріледі;
2. Ауызша бөлім: «Менің өлкемнің әдебиеттік картасы» (мыс: өз өлкесінің тау – тасы, өзен – көлі, тағы сол сияқты шығу тарихы туралы) ауызша презентация жасау 5 мин.) үй тапсырмасы;
3. Қатысушылар жұптасқан түрде диалог құрады (билеттік жүйе).

Байқауға облыс бойынша 28 қатысушы сынға түсті.

Әділқазылар байқауға қатысушылардың шешендік шеберлігін, сауаттылығын, сарапқа сала отырып, жоғары бағалады.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім  беру ұйымдарының төменде аталған оқушылар марапатталды:

І орын – Даракчян Юлия Андрониковна (Орал «Мақсат» медициналық колледжі);

ІІ  орын – Метильникова Надежда Александровна  (Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі);

ІІ  орын – Житкович Елена Николаевна (Зеленов колледжі);

ІІІ орын – Насыров Фархат Рахатович (Ақсай техникалық колледжі);

ІІІ орын – Хорошкина Кристина Олеговна  (Орал «Сервис» технологиялар колледжі);

«Дала даналықтары» номинациясымен - Калинич Аслан Владимирович (Жоғары техникалық мектеп);

«Мемлекеттік тілге құрмет» номинациясымен – Валиев Талғат Маратович (А. Иманов атындағы жол-көлік колледжі);

«Өлең сөздің патшасы» номинациясымен - Олейников Александр Владимирович (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

«Тіл шеберлігі» номинациясымен – Никифрова Алина Олеговна (Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі);

«Мәнерлеп оқу - мәдениеттік мәйігі» номинациясымен - Исинбаева Наталья Валентиновна (Теректі колледжі) марапатталды.

1

2

3

МДЖОТжКББҰ ООӘ кабинетінің
техникалық және кәсіптік білім
беру бөлімі

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі