«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі

12 қыркүйекте БҚО білім басқармасымен «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі мүгедектер арасында үш номинация бойынша ұйымдастырылды.

«Ең тату отбасы» номинациясына Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Қаратөбе, Сырым ауданы және Орал қаласынан (2 отбасы) барлығы 9 отбасы (27 адам) қатысты. Байқауға мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және бала тәрбиелеп отырған мүгедек ата-аналар қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын Зеленов ауданынан Муканалиевтар отбасына берілді. Бұл отбасына диплом мен 100 мың теңгеге сертификат табысталды. ІІ орынға Орал қаласынан Фроловтар отбасы ие болды, оларға диплом мен 70 мың теңгеге сертификат табысталды. ІІІ орын Орал қаласынан Жангалиевтар отбасына берілді, оларға диплом мен 50 мың теңгеге сертификат табысталды.

Қалған байқауға қатысушыларға сертификат пен бағалы сыйлықтар берілді (шаңсорғыштар).

Аталған номинация бойынша байқау облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №15 көмекші мектеп-интернат базасында ұйымдастырылды.

Орал ақпараттық технологиялар колледжінің базасында даму «Үздік студент» атауы бойынша облыстық байқауына колледждің және жоғарғы оқу орындарының мүгедек мәртебелері бар 5 студенті қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 1 орын М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Галиева Мейрамгулге диплом және 50 мың теңге, 2 орын  Орал ақпараттық технологиялар колледжінің Нугманов Кайрат 20 мың, 3 орын Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті Турсынбеков Абзалға диплом және 30 мың теңге табыс етілді.

Қалған қатысушыларға алғыс хаттар және сыйлыққа ұялы телефондар табыс етілді.

«Ақылдылар» номинациясына Жаңақала, Зеленов, Қаратөбе Сырым, Тасқала, Теректі аудандарынан, Орал қаласынан және облыстық түзеу мектеп-интернаттарынан 10 мүгедек- оқушы қатысты. Байқау облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының базасында  ұйымдастырылды.

Байқаудың екі турының қорытындысы бойынша І орын облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат-кешенінің оқушысы Камалиева Жібекке берілді. Оған диплом мен 50 мың теңге сертификат табысталды. ІІ орынға облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Бактыгалиев Айзат ие болды,оған диплом мен 30 мың теңге сертификат табысталды. ІІІ орын Жаңақала ауданының Д.Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінің оқушысы Ғұмарова Гүлназға берілді, оған диплом мен 20 мың теңгеге сертификат  табысталды. Қалған байқауға қатысушыларға сертификат пен бағалы сыйлықтар берілді (ұялы телефондар).

Әрбір номинацияның жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.

1

2

3

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі